Дата публикации: 19.09.2018 11:37
Дата изменения: 19.09.2018 12:32

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында басты міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту, бақылауда болуды қамтамасыз ету және олардың жұмысының ашықтығын,  экономика және бизнеске мемлекеттік қатысуын азайту болып табылады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар, ол мемлекеттік қызмет көрсетуде лауазымды тұлғалардың жұртшылықпен тікелей байланыста болатыны, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сақталуы болып табылады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер аясында, барлық қызметтерді міндетті түрде адамның жеке қатысуынсыз электронды форматқа аудару аса өзекті сипатқа ие.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер көрсету процестері мүмкіндігінше оңтайландырылды, тапсыру мерзімдері мен салық есептілігінің нысандарының тізбесі оларды біріктіру арқылы қысқартылды, қайталанатын рәсімдерді алып тастау арқылы қызмет көрсету тәртібі жеңілдетілді,  бірқатар салық қызметтері хабарландыру сипатына ауыстырылды.

Тәжірибе көрсеткендей, қызмет көрсетудің ең тиімді құралы - электрондық нысан  болып табылады.

Сондықтан, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың  маңызды аспектісі болып табылады.

 

А.Бажиева,

Қызылорда облысы бойынша МКД

                                  Персоналмен жұмыс  бөлімінің

                                 бас маманы