Дата публикации: 09.11.2018 16:45
Дата изменения: 09.11.2018 16:47

Есеп жүргізу және есептілікті мемлекеттік кірістер органына ұсынудың  кейбір  мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығымен,сақтауда тұрған тауарлардың және көлік құралдарының, кедендік операциялар туралы, кедендік тасымалдаушының кедендік бақылауымен тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау туралы, сақтауда тұрған тауарлардың, бажсыз сауда дүкендеріне түскен тауарлар мен оларды өткізу туралы, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен, сондай-ақ осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлармен жүргізілген операциялар туралы, сақталатын, тасымалданатын, қайта өңделетін және арнайы жеңілдіктерді пайдаланатын, кеден ісі саласында қызметтерін жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын тауарлар туралы, арнайы жеңілдіктерді пайдаланатын, кеден ісі саласында қызметтерін жүзеге асыратын тұлғалар өткізетін тауарлар туралы,оның ішінде сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілік мемлекеттік кірістер органының (әрі-МКО) талабы бойынша ғана ұсынылатын жағдайларда ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібінің  Қағидасымен есептілікті ұсыну мерзімі бекітілген.

Қағида «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағына, 167-бабы5және 6 тармақшаларына, 431-бабы1 және 2-тармақтарына, 494-бабы 1-тармағы 2 тармақшасына, 500-бабы3 тармақшасына, 507-бабы 1-тармағы 5 тармақшасына, 514-бабы 1-тармағы 5 тармақшасына, 521-бабы 1-тармағы 4  тармақшасына, 528-бабы 1-тармағы 5 тармақшасына, 541- бабы 1-тармағы 5 тармақшасына сәйкес әзірленді және ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну тәсілін, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін айқындайды.

Осыған орай, есептілік МКО-ың  ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, бекітілген нысанда ұсынылады, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, УЭО, шетелдік тауарларды, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған ЕАЭО-ың тауарларын иеленетін және пайдаланатын тұлғалар ресімдейтін тауарлар және көлік құралдары Exel форматындағы электрондық құжат түрінде есепке алынуға жатады.

           Аталған бұйрық «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД

Кедендік бақылау басқармасы