- Департаменты по регионам
- Астана
- Алматы
- область Ұлытау
- Шымкент
- область Жетісу
- Акмолинская область
- область Абай
- Актюбинская область
- Алматинская область
- Атырауская область
- Восточно-Казахстанская область
- Жамбылская область
- Западно-Казахстанская область
- Карагандинская область
- Костанайская область
- Кызылординская область
- Мангистауская область
- Павлодарская область
- Северо-Казахстанская область
- Туркестанская область
Дата публикации: 13.11.2018 15:30
Дата изменения: 13.11.2018 15:30
ЕАЭО кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуде алдын-ала ақпараттандыру туралы
Еуразиялық экономикалық одағының кеден кодексінің 11 бабына сәйкес, алдын ала ақпаратты ұсынудың мақсаты, ол кеден органдарымен Одақтың кеден шекарасы арқылы өткізуге жоспарланған тауарларға қатысты мәліметтерді алумен, тәуекелдерді бағалау және кедендік бақылау мен шараларын таңдауға қатысты алдын ала шешім қабылдауға, сондай-ақ ЕАЭО-ың аумағында кедендік операцияларды жүргізу уақытын азайту бойынша барынша жағдай жасау болып табылады. Алдын ала ақпараттандыруды ұсыну барысында, «Кеден одағының кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты» (Кеден одағы комиссиясының-әрі КОК) 09.12.2011 жылғы № 899 шешімі, «Кеден одағының кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты» (Еуразиялық экономикалық одағы-әрі ЕАЭО) алқасының 17.09.2013 жылғы №196 шешімі, «Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына су көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты» ЕАЭО-ың 10.04.2018 жылғы №51 шешімі, «Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты» 01.12.2015 жылғы №158 ЕАЭО шешімдерін басшылыққа алу қажет.
Аталған шешімдермен алдын ала ақпараттандыру ЕАЭО-ың кедендік шекарасын өтуіне дейін 2 сағаттан кешіктірмей кеден органдарына Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының web-порталын қолданумен немесе кеден органдары мен мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы тек электронды түрде ғана ұсынылады.
Алдын ала ақпараттандыру бизнеске қолайлы жағдайлар жасауға, қызмет ашықтығын қамтамасыз етуге және аталған салада сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің азаюын қамтамасыз етуге бағытталған .
Т.Төлегенов,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
бас маманы