Дата публикации: 23.11.2018 10:32
Дата изменения: 23.11.2018 10:32

         Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, мұнай  өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу осы салада сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет көздерінде жарияланымдар жиі орналастырылып, сол арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіп отырады.

         Қазіргі кезде, Мемлекеттік кірістер органдары заңсыз мұнай өнімдерін өткізілуін болдырмау мақсатында, цифрлық технологияларды кеңінен қолдануда.

Мысалы, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап - астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтарымен аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан жанармай құю станцияларына (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарын орнату  қарастырылған.

Есепке алатын бақылау аспаптың қызметі интернет арқылы жүргізіледі, сондықтан жанармай құю станцияларының өткізілген мұнай өңімдері интернет жүйесі арқылы көруге мүмкіндік береді.

Бұл дегеніміз келешекте мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын түбігейлі жоюға жол ашады.

Сонымен бірге, қазіргі таңда цифрлық технологияларды қолдану арқылы алдағы уақытта Мемлекеттік кірістер органдары мұнай өңімдерін айналымын  бақылауға ала алады.

Департаментпен жүргізілген мұнай өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес шаралары нәтижесінде жыл басынан бері 30,88 тонна тәркіленіп, 96,2 мың теңге айыппұл салынды.

         Мұндай мүмкіндіктер, өз кезегінде, қоғамдық індет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жоюға өз септігін тигізеді.

 

С.Бодықов,

Қызылорда облысы бойынша МКД

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының

бас маманы