Дата публикации: 26.06.2019 15:49
Дата изменения: 27.06.2019 12:36

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінен Арысқа көмек

 

Жақсы істе шекара болмайды. Қиындықта қолдау көрсету, көмектесу үшін ара қашықтық кедергі емес. Біздер де, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті - өз ұжымымыз атынан Арыс қаласындағы жерлестерімізге қаржылай жәрдем жасауға ортақ шешім қабылдадық.

        Қазақстанның барлық өңірінде туыстарымыз, жолдастарымыз, әріптестеріміз бар.Түркістан облысында Арыс  қаласында зардап шеккен отбасына өзіміздің бірге қиналып жатқанымызды білдіргіміз келеді.  Алыста, өз үйімізде отырып, балаларымыздың өзі желіден тек соларды қарап, балаларға жанашырлық танытып жатыр.

       Елде тыныштық болса екен. Күтпеген қауіпті жағдайлар болмаса екен.Бейбіт елде, уайым-қайғысы жоқ халыққа  қызмет етіп жүргіміз келеді.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Кәсіподақ уйымының 

төрағасы М. Искакова