Дата публикации: 25.11.2019 18:11
Дата изменения: 25.11.2019 18:21

РЕЖИМ ТАҢДАҢЫЗ!

Құрметті салық төлеушілер!  Патенттен басқа салықтық режимге ауысу үшін қазірден бастап, басқа салық режимін таңдаңыз!

 Таңдаған салықтық режимі бойынша хабарламада  патентті қолдану шарттарының сәйкес келмеуін 1 қаңтар 2020 жыл деп көрсете отырып электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз тасығышта кірістер органдарына жолдаңыздар.

Бүгінгі күнге Қызылорда облысы бойынша патент негізінен басқа салықтық режимге 2 435 ДК ауысты

ОНЛАЙН БКМ!

1 қаңтар 2020 жылдан бастап ҚР аумағында барлық ақшалай қолма-қол есеп айырысулар кезінде Онлайн БКМ қолдану міндеттелген.

Патентті қолдану құқығы бойынша көрсетілетін қызмет түрлері де (32 қызмет түрі)   Онлайн БКМ қолдануы тиіс.