Жарияланған күні: 28.12.2021 16:06
Өзгертілген күні: 28.12.2021 17:01

 «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №340, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №1158, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №695, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 9 қарашадағы №018 бірлескен бұйрығына қол қойылғандығын хабарлайды. Аталған бұйрыққа сәйкес автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ  жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды.

Бұйрық 2021 жылғы 21 қарашадан бастап күшіне енеді.