Жарияланған күні: 03.08.2018 18:38
Өзгертілген күні: 03.08.2018 18:38

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы салық органдарында аса маңызды құжат екені аян. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағдарлама жасап оны іске асыру жөнінде алдағы жылдарға іс-шаралар жоспары жасалынған.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік шаралар ұйымдастыру мемлекетіміздің құқықтық, әлеуметтік, экономикалық саяси дамуы мәселелерін кең ауқымда шешуге бағытталғаны анық. Мемлекеттік бағдарлама «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын орындаудың біріңғай механизмін қалыптастыру, барлық мемлекеттік органдардың іс әрекеттерін үйлестіру мен Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын оның басымдылықтарын іс жүзіне асыру жасалған.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның міндеттерін нақтылау мен шектеу саласында мақсатты бағытталған мемлекеттік саясат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейінің өсуіне әсер ететіні сөзсіз. Салық ісі күрделі оның жұмысы жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы керек. Қазақстан Республикасының «Салық кодексін» басшылыққа ала отырып бюджетке төленетін міндетті төлемдерді орындауда салық қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы жауапкершілікті орындау жолында салықшы мамандар мемлекет қаржысын орынсыз шығындауға, салық заңын бұзуға қарсы отырып, бюджеттік жоспарларды орындауда.

            Сыбайлас жемқорлық – елеулі зардаптарға әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлардың бірі. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, мемлекеттік қызмет туралы заңдылық талаптарын іс жүзіне асыру мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін нығайтуға мүмкіндік береді. Тәуелсіз еліміздің бюджеті қомақты болуы жолында, мемлекеттік қазынаның қаражатын молайта түсу үшін күресуде салық органдарының қызметкерлері аз тер төгіп жүрген жоқ. Денсаулық сақтау органдарының, халыққа білім беру мекемелерінің, зейнеткерлер мен студенттердің, басқа да толып жатқан халық топтарының тағдыры бюджетке байланысты екені анық.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес науқандық жұмыс емес. «Жемқорлық – індет, оны жою міндет», демекші, жемқорлыққа қарсы күрес қоғамымызда бір сәт те толастамауы керек. Бұл күрделі жұмысқа құқық қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бақылаушы органдар мен қоғамдық ұйымдар, бүкіл халық болып ат салысуы қажет. Біздің міндетіміз мемлекет өмірінің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеріп, жекеменшікті әсіресе шағын және орта бизнесті дамытып, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайтып, бюджетке барынша пайда келтіру үшін бар мүмкіндікті тиімді пайдалану басты мақсат.

 

 

Н.Сасықбаев,

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының

 бас маманы