Жарияланған күні: 03.08.2018 18:43
Өзгертілген күні: 03.08.2018 18:43

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік жүйеге, мемлекеттік қауіпсіздікке, ұлттық тұрақтылыққа, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға тигізер залалы мол екені баршамызға мәлім. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға баруы - негізінен олардың ішкі сенімінің әлсіздігінен туындайды. Азаматтардың жеке басының принципшілдігін көрсете алмауы, сыбайлас жемқорлық жағдайларын туындатады. Осы орайда құқықтық білім мен мәдениеттің деңгейін көтеру өте маңызды. Сыбайлас жемқорлық жасаған азаматтар, оның зардабы отбасының  жағдайына кері әсер ететінін түсінуі қажет.       

            Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салық төлеушілермен және экономикалық қызметке қатысушылармен байланысын барынша азайту үшін көптеген салықтық, кедендік қызметтер электрондық қызмет түрлеріне көшірілуде. Осы бағытта кірістер органдары қызметкерлері мен салық төлеушілердің жеке байланысын болдырмау мақсатында, салықтық әкімшілендіру мен бақылаудың бірнеше процестері автоматты тәртіпке көшірілуде.

            Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу, сондай-ақ, салық төлеушілерге көрсетілетін қызметтер туралы және ол үшін кірістер органдарында атқарылып жатқан жұмыстар мен атқарылар  істер туралы  аймақаралық,  облыстық және қалалық  басылым беттерінде тұрақты түрде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді. Нақтылай айтатын болсақ, ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында облыс кірістер органдары қызметкерлерімен  сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған жол бермеу мақсатында,  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 156 мақала мен хабарламалар жарияланып, 27 мәрте теледидар мен 61 мәрте радио арқылы сұхбаттар берілді.  Сонымен қатар, облыс бойынша семинар-кеңес, лекция, техникалық оқу, дөңгелек үстел, теледидардан жарнамалық роликтер түрінде  243 іс-шаралар  өткізілді.

Облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, қала, аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында  сенім телефондарының жұмыс жасауымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына, ұсыныс-пікірлеріне арналған жәшіктер орнатылған. Сол секілді, сыбайлас жемқорлықты төмендету, онымен пәрменді күрестің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  арнайы интернет-ресурсында комитет Төрағасының  арнайы блогы  жұмыс жасап тұр.  Онда халықтың  өз арыз-шағымдарын, ұсыныстарын білдіруге, көкейдегі сұрақтарын  орналастыруға мүмкіндігі бар.         

            Қорыта айтқанда, Облыс кірістер органдарымен бүгінгі күні атқарылып жатқан жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатындағы нақты істер мен  насихаттау жұмыстары және де жоғарыда аталған іс-шаралардың бұлжытпай орындалуы, мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, салық төлеушілер мен СЭҚ-қатысушылары сенімінің толықтай ақталуын қамтамасыз ету үшін жасалып  жатқан  істер  болса, ол жұмыстардың алдағы уақыттары да атқарылу қарқыны пәрменді болмақ.

 

                                           А.Мыханов,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы