Жарияланған күні: 26.05.2021 12:55
Өзгертілген күні: 26.05.2021 13:00

Темекі өнімдерін сату үшін қымбат жабдықтарды алудың қажеті жоқ, markirovka.kz сілтемесі бойынша тауарларды таңбалау ақпартаттық жүйесінде электронды-цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы тіркелу жеткілікті.

2D сканерді дұрыс жұмыс істету мақсатында тауарлар номенклатурасын онлайн-БКМ-ге қосу қажет. Сайтта тауарлар номенклатурасын жаңартуға қосымша шығындарды болдырмау үшін www.ismet.kz онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын өздері қосуы жөнінде нұсқаулықтар орналастырылған. Тауарлар номенклатурасын жаңартқаннан кейін 2D сканер сандық таңбалауды дұрыс оқитын болады.

2Д сканерлерге балама ретінде «naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелерді талқылау үшін «Markirovka Qoldau» Telegram-чаты белсенді жұмыс істейді. 2021 жылғы 18 ақпаннан бастап тауарларды таңбалау жөніндегі бірыңғай оператор (бұдан әрі - Қазақтелеком АҚ) ҰКП «Атамекен» бірлесіп, ТТжҚ АЖ-мен жұмыс істеу бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.

Тауарларды таңбалау мәселелері бойынша тәулік бойы тегін «шұғыл желі» жұмыс істейді - 8 800 080 6565.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті Бірыңғай оператормен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТжҚ АЖ-мен жұмыс істеу бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.

С февраля месяца текущего года Комитет государственных доходов МФ РК совместно с Единым оператором и НПП «Атамекен» запустил специальную обучающую программу по работе с ИС МПТ.