Жарияланған күні: 24.10.2019 19:15
Өзгертілген күні: 24.10.2019 19:15

ҚР «ҚР Кедендік реттеу» туралы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 3 бабының 5 тармағына сәйкес,  декларант – тауарларды декларациялайтын не өзінің атынан тауарлар декларацияланатын тұлға болып табылады.

Осы баптың 21 тармағына сәйкес, кедендік декларациялау- декларанттың кедендік декларацияны пайдалана отырып кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығаруға қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі.

Осыған байланысты, тауарларға арналған декларацияларды ұсыну декларант немесе кедендік өкілі арқылы жүзеге асырылады.

Кодекстің 183 бабының 4 тармағына байланысты,  тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерін өзгерту (толықтыру) үшін тауарларға арналған декларацияны түзету қолданылады, оған Комиссия айқындайтын, мәліметтер осы кедендік құжатты қолданбай өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін жағдайлар жатпайды.

Тауарларды шығару кезінде кедендік төлемдердер мен салықтар 14 бағанада көрсетілген төлеуші- декларанттың жеке есеп шотынан есепке алынады.

Айтылғандарды ескере отырып, ТД-ның 9 және 14 бағандары төлеуші болып табылатындықтан өзгерту мүмкін емес.

Тауар  алушының  БСН  нөмері қате мәлімделген жағдайда, тауарларды декларациялау тәртібінің бұзылып, тауарды дәйексіз декларациялау  болып табылады.

Бұзушылықтарды жою үшін декларант МКД-не жүгіне алады (тауарларды шығарған орына), 8,9 және 14 бағандарының дұрыс емес толтырылғанына байланысты өтініш бере отырып, растайтын құжаттар ұсынылады (соның ішінде мәлімдеген тауарлардың өзге тұлғаға жататын  ақпараттарын ұсыну және т.б.).

Өтініш МКД-не келіп түскенде  ресімделген ТД мәлімделген ақпараттың дұрыстығына  камералдық кедендік тексеру жүргізіледі.

Тексеру қортындысынан кейін 8,9,14 бағандарын және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу арқылы декларант МКД-не жаңа ТД-н ұсыну қажет.  

Жаңа ТД ұсынылғаннан кейін бастапқы ұсынылған  ТД жойылуға жатады.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы басқармасы