Жарияланған күні: 18.09.2018 18:02
Өзгертілген күні: 19.09.2018 17:24

Еуразиялық экономикалық одағының кеден кодексінің 11 бабына сәйкес, алдын-ала ақпаратты ұсынудың мақсаты, ол кеден органдарымен Одақтың шекарасы арқылы өткізуге жоспарланған  тауарларға қатысты мәліметтерді алумен, тәуекелдерді бағалау және кедендік бақылау мен шараларын таңдауға қатысты алдын-ала шешім қабылдауға, сондай-ақ ЕАЭО-ның аумағында кедендік операцияларды жүргізу уақытын азайту бойынша барынша жағдай жасау болып табылады. Алдын-ала ақпараттандыруды ұсыну барысында, «Кеден одағының кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты» (Кеден одағы комиссиясының – әрі КОК) 09.12.2011 жылғы №899 шешімі, «Кеден одағының кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты» (еуразиялық экономикалық одағы – әрі ЕАЭО) алқасының 17.09.2013 жылғы №196 шешімі, «Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына су көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты» ЕАЭО-ың 10.04.2018 жылғы №51 шешімі, «Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты» 01.12.2015 жылғы №158 ЕАЭО шешімдерін басшылыққа алу қажет.

Аталған шешімдермен алдын-ала ақпараттандыру ЕАЭО-ның кедендік шекарасын өтуіне дейін 2 сағаттан кешіктірмей кеден органдарына Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының web-порталын қолданумен немесе кеден органдары мен мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы тек электронды түрде ғана ұсынылады.

Алдын - ала ақпараттандыру бизнеске қолайлы жағдайлар жасауға, қызмет ашықтығын қамтамасыз етуге және аталған салада сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің азаюын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Т.Төлегенов,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

 бас маманы