Жарияланған күні: 17.01.2017 15:06
Өзгертілген күні: 17.01.2017 15:09

           Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болып қабылдануына байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы Хаттамаға (бұдан әрі-Хаттама) қол қойылды, сонымен қатар ілеспе құжаттарды растау рәсімін жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының өз-ара  іс-қимыл Регламенті бекітілген.

          Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 Шешімімен төмендетілген кедендік баж ставкасы қолданылатын тауарлар Тізбесі  (әрі қарай – Алып қою тауарлары) бекітілді.

Аталған Тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған.

Хаттаманы жүзеге асыру мақсатында және ҚР Хаттама міндетін орындау үшін қолданыстағы ақпараттық жүйесінде  мынадай шарттарды орындаумен  «Электронды шот-фактура» тауарларды есепке алу жүйесі құралды:

ҚР аумағына тауарларды әкелген кезде:

Кедендік декларацияны ресімдеудің екі түрі бойынша міндетті талаптар:

- декларация нөмірінде ЕАЭО КБТ баждары мөлшерлемелерінің негізінде төленуі «0» белгісімен;

- декларация нөмірінде ДСҰ баждары мөлшерлемелерінің негізінде төленуі «1» белгісімен;

Тізбедегі тауарларды сату кезінде (Қазақстанда, осы және экспорт кезінде):

- үшінші елдерден әкелінген, тауар декларациясының нөмірін көрсетіп ЭШФ міндетті түрде ресімдеу;

- ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінінштің нөмерін көрсетіп ЭШФ міндетті түрде ресімдеу (Өтініш);

- Қазақстанда жасалған, тауардың пайда болуы туралы куәліктің нөмерін көрсетіп (СТ-1)/СТ-KZ, ЭШФ міндетті түрде ресімдеу.

             Сонымен бірге, 12.08.2016 ж. № 5 Еуразиялық Үкімет аралық Кеңес Шешіміне сәйкес Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынан басқа ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына өткізу кезінде, тауарға ілеспе құжаттардың орнына осы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті органдарының мөрімен куәландырылған қағаздағы электронды шот-фактура көшірмесі болып танылады, сонымен қатар мына құжаттардың бірімен ілеседі:

  1.  кедендік декларация көшірмесі,  ҚР ҚМ МКО мөрімен куәландырылған – бұрын үшінші елдерден ЕАЭО БКТ бажы мөлшерімен әкелінген тауарларды өткізу кезінде;
  2.  тауардың пайда болуы туралы куәліктің СТ-1 нысана түпнұсқасы – Қазақстанда жасалған тауарларды өткізу кезінде;
  3. тауардың пайда болуы туралы куәліктің СТ-KZ нысанасы – еркін экономикалық аймақта және еркін қоймада жасалған тауарларды өткізу кезінде;
  4. тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі – бұрын басқа  ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген тауарларды өткізу кезінде;

        Осы уақытта Ресей Федерациясы салық органдарымен Алып қою тауарларды, тауарға ілеспе құжаттарсыз әкелуді болдырмау  мақсатында тауарларды  жоюды жүзеге асыратын нормативтік құқықтық акті дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы естеріңізге саламыз.

         Сонымен қатар  30.11.2016ж. ҚР 26-VI Заңнамасына сәйкес ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне өзгеріс енгізілуіне байланысты, атап айтқанда Салық кодексінің 263 бабының 2 тармағына сәйкес электронды шот-фактураны электронды түрде жазуға міндеттілер:

2) Халықаралық келiсiм- шарттарды iске асыру мақсатында Қазақстан республикасымен қабылданған  нормативтiк құқықтық актіде  ескерiлген жағдайлар бойынша, яғни  Алып қою тауарларының айналымын жүзеге асыратын  салық төлеушiлер.

         Сонымен қатар  Әкелiм кеден баждарының төмендетiлген мөлшерлемелерi бойынша төленген тауарлар  кеден тазартуынан өткеннен кейін шартты түрде шығарылған тауарлар болып есептеледі және ЕАЭО мүше мемлекеттерге шығаруға тыйым салынатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

 

                           Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы

                           М. Сырғабаева