«Атамекен» ҰКП Қызылорда облыстық өңірлік филиалы ғимаратында облыстың бизнес-өкілдеріне Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі жұмыстарға қатысты біліктілік талаптары бойынша, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс өтілдерін есептеуде, сондай-ақ қорытынды шешімдерді қабылдау барысында біркелкі тәжірибе қалыптастыру үшін уәкілетті органдардың мамандарының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан Талдау және тәуекелдер басқармасының бөлім басшысы А.Қоспанбетов қатысып, үстіміздегі жылы салық және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер бойынша баяндама жасап, бизнес-өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы