Жарияланған күні: 15.04.2022 11:32
Өзгертілген күні: 15.04.2022 11:33

Аталған мобильді қосымша арнаулы мобильді қосымшаны қолдана отырып және жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге арналған.

Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.

Қосымша «Play Market», «App Store»  және «App Gallery» алаңдарында қолжетімді.

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді.