Жарияланған күні: 16.03.2018 18:03
Өзгертілген күні: 16.03.2018 18:07

          Құрметті салық төлеушілер! 2018 жылдан қолданысқа енген Қазақстан Республикасының Салық кодексіне «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны қолдану үшін төлемақылар туралы» тарау енгізілген.

          Осыған орай, лицензияны пайдаланғаны үшін төлем 105 434 бюджеттік сыныптама кодына төленетіні белгілі болды.

Төлемақы  жылына 4 рет тең үлестермен төленетін болады. Яғни, төлемақы төлеушілер жыл сайын  төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей төлейді.

       Төлемақы мөлшерлемелері, Астана және республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтарын қоспағанда,  басқа қалалар мен кенттер үшін 60 айлық есептік көрсеткішке, ауылдық елді мекендер үшін 20 айлық есептік көрсеткішке тең.

           Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап  туындайтындығын хабарлаймыз.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

235209