Жарияланған күні: 10.04.2015 15:22
Өзгертілген күні: 10.04.2015 15:48

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті мен Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп шет ел азаматтарының ҚР келуі заңдылығына жүргізілген дөңгелек үстел.

 

          Үстіміздегі жылдың 7 сәуірінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында шет ел азаматтарының ҚР келуі заңдылығына жүргізілген іс-шараға қатысты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен  2015 жылдың 23 қаңтарында өткен жиналыста ҚР «Еңбек көшіп келуші» ҚР заңына сәйкес шетелдік азаматтардан салық өндіру сапасын жақсарту туралы берген тапсырманы жүзеге асыру бағытында бірлесіп атқаратын іс-шаралар жоспары негізінде ұйымдастырылды.

       Бұл іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті басшысының орынбасары М.Қалдарбеков, департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә.Дүйсенбаев, түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы С.Бабанаев, Қызылорда қаласы кірістер басқармасының басшы орынбасары А.Жүсіпов, Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы полиция майоры А.Жолдасбаев және жұмыс беруші жеке тұлғалар қатысты. Дөңгелек үстелді департамент басшысының орынбасары М.Қалдарбеков ашып,  негізгі мақсат – ТМД елдерінен ҚР келген азаматтарға арқылы әкімшілдендіруді жетілдіру, көлеңкелі экономиканы азайту, нәтижесінде бюджет кірісін молайту. Ең бастысы - қадағалау мен бақылау біріздендірілген соң, мемлекеттің кірісі молаяды, салықтан жалтару мүмкіндігі азаятындығы туралы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің талаптарын түсіндірсе, Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы полиция майоры А.Жолдасбаев Қазақстан Республикасына, оның ішінде, Қызылорда қаласының аумағына ТМД елдерінен келген шет ел азаматтырының ҚР  аумағында жүріп тұру тәртібі заңдылықтары, яғни, Қазақстан Республикасының көші-кон заңдылықтарын түсіндірді. Яғни, шет ел азаматтары  (Еңбекші иммигрант резиденттері)  мен жұмыс беруші ҚР азаматтарына    салық салу тәртіптері;

-шет елдік азаматтардың республикамыздың аумағында жүріп тұру тәртібі Қазақстан Республикасының көші-кон заңдылықтарына және басқа да заң актілерімен белгіленетіндігі,

- осы заңнамаларға  сәйкес Қазақстан Республикасының резидентіне үй қызметкері болып жұмыс атқарушы келуші (бұдан әрі - иммигрант) оған берілген рұқсаттың негізінде алдын ала төлем төлеуді жүргізуі тиістігі («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 184 бабы, 2-1 бабы),

- жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем әр жұмысшы иммигрантқа «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 2 еселенген мөлшерінде (1982Х2=3964 теңге) әрбір ай үшін есептелінетіндігі,

- жұмысшы иммигрантқа есептелінген жеке табыс салығын иммигранттардың өздері бюджетке төлеуге тиістігі,

- Қазақстанға ТМД елдерінен келген шетелдіктер жеке сәйкестендіру нөмерін алып, уақытша мекен-жайлары бойынша салық органдарында тіркелуі қажеттігі,

- алдын ала төлем еңбек иммигранттарының орналасқан жері бойынша көші-қон полициясы органдарының рұқсатын алғанға дейін (ұзартылғанша) бюджетке төленетіндігі,

-жыл соңында еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы сомаларын есептеп, бұл декларация есептік жылдан кейінгі жылдың 31-ші наурызына дейін ұсынылуы тиістігі,

-бюджеттен түкпілікті есеп айырысу сол жылдың 10-шы сәуіріне дейін алдын ала төленген төлемдерді есептей отырып жүргізілетіндігі,

-еңбек иммигранттары мерзімінен бұрын елден кеткен жағдайда орналасқан жері бойынша салық органдарына қайту мерзіміне дейін табыстың салық салынатын сомасына 10 пайыз мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізу арқылы салық декларациясын тапсырып, жеке табыс салығын төлейтіндігі түсіндірілді.                                                                    

         Сонымен бірге, осы заңдылық талаптары сақталмаған кезде Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  Кодексінің 517,518,519 баптары бойынша    әкімшілік жауаптылық көзделгендігі назарға салынды.

            Дөңгелек үстел отырысында жұмыс беруші жеке тұлғалар тарапынан берілген сұрақтарға тиісті жауаптары беріліп, ұсыныстар ескерілді.

                                                                                       Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.