Жарияланған күні: 25.02.2015 18:15
Өзгертілген күні: 25.02.2015 18:22

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

25.02.2015 ж.

 

Баспасөз релизі

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының басшысымен жұмыс кездесуін өткізді

 

2015 жылғы 23 ақпанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Заруднаямен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, есірткі құралдарының және прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес, әкімшілік кедергілердің азаюы, кадрларды қызметткі іздестіру иттерін дайындау  саласында халықаралық іс-шараларды өткізуде ынтымақтастық көріністері талқыланды.

Зарудная ханым МКК-нің 2015 жылғы 21-22 мамырда өткізілетін «Әріптестік: кеден және бизнес» тақырыбындағы Еуропалық өңірлік форумды өткізу туралы бастамашылығын қолдады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылау кезінде тараптар 2015 жылғы қыркүйек айында «Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы іс-әрекеттің халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы конференцияны бірлесіп өткізуі туралы келісті.

ЕҚЫҰ басшысы Ерғожин мырзаны өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы іс-шараларға күш жетерлік қолдайтынына сендірді.

 

ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі