Жарияланған күні: 31.03.2015 17:35
Өзгертілген күні: 31.03.2015 17:44

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде

Кедендік бақылау басқармасы және кеден бекеттерінің лауазымды тұлғалары өңірдің сыртқы экономикалық қызметпен шұғылданушы бірқатар тұлғаларымен және кеден өкілдерімен «дөңгелек стол» кездесуін өткізді, онда 

«Кеден одағы кеден территориясына әкелінген тауарлар туралы

алдын ала ақпараттандыру» тақырыбы талқыланды.

 

           Алдын ала ақпараттандыру - кедендік ресімдеуді ақпараттық технология көмегімен жүзеге асырудың жаңа бағыттарының және электронды декларациялаудың бастау алатын нүктелерінің бірі болып табылады.

          Алдын ала ақпараттандырудың міндетті болуы тауардың қандай көлік құралымен өткізілуіне қарай, екі кезеңмен, КО Комиссиясының Шешімімен белгіленді:

  • 2012 жылғы 17 маусымнан бастап автокөлік құралдарымен өткізілетін тауарлар үшін (КОК 19.12.2011ж. №899 шешімі);
  • 2014 жылдың 1 қазанынан бастап темір жол көлігімен жеткізілетін тауарлар үшін (КОК 17.09.2013ж. №196 шешімі).

Алдын ала ақпараттандыру кеден органдарына (мемлекеттік кіріс органдарына) тек қана электронды нұсқада, КО мүше мемлекеттердің кеден органдарының web-порталын қолдану арқылы немесе кеден органдары мен мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйесінің өзара қызметі арқылы,  КО кеден шекарасынан тауардың өтуіне 2 сағаттан кем емес уақыт қалғанда, ұсынылады.

Автокөлік құралдарымен тасымалданатын тауарлар үшін.

Егер әкелінетін тауарлар кедендік транзит амалына келген жерінде орналасатын болса, мүдделі тұлға алдын ала ақпаратты мемлекеттік кіріс органдарының ақпарат жүйесіне ұсынады. Бұл үшін Комитет ұйымдастырған АА қабылдау жүйесі бар, сонымен қатар ақпаратты тіркеу туралы, транзиттік декларацияның босатылғаны туралы, көлік құралының жеткізу орнына келгені туралы Комитеттің Web-порталындағы  Web-декларант бағдарламасының көмегімен ақпарат алуға болады (http://pi.customs.kz/).

Тауарлар мен көлік құралдарының келетін орнындағы кеден органдары (мемлекеттік кіріс органдары), АА алғаннан бастап 2 сағат ішінде оны тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы талдап, АА мәліметтерді коммерциялық немесе тасымал құралдары туралы құжаттардағы мәліметтермен салыстырады. АА құжаттардағы мәліметпен сәйкес келмеген жағдайда мүдделі тұлғаға АА қабылданбағаны туралы электронды хабарлама жолданады. Егер ешқандай қателік болмаса, мүдделі тұлғаға АА қабылданғанын дәлелдейтін тасымалдың дербес сәйкестендірілген нөмірі (ТДСН) электронды хабарламамен жолданады. Өткізу пунктіндегі кеден органының лауазымды тұлғасы, мүдделі тұлға жолдаған осы нөмір арқылы транзиттік жүйеден деректер қорында тұрған тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметті көре алады. Бір көлікпен тауарлардың бірнеше партиясы тасымалданған жағдайда АА әр тауар партиясына жеке ұсынылады. Әр тауар партиясына жеке ТДСН беріледі.

 Темір жол көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін.

КО кеден территориясына тауардың келуінен 2 сағат бұрын темір жол көлігімен тауарды тасымалдаушы тұлға АА ұсынады. Уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, экспедиторлар немесе тауарды ұстауға, пайдалануға құзырлы басқа да тұлғалар тауарлар туралы мәліметті тасымалдаушы тұлғаға тауардың кеден шекарасынана өтуіне кем дегенде 4 сағат қалғанда беруі керек. Тасымалдаушы алынған мәліметтерді қабылдап, оларды жүйелейді.

АА кеден органдарының деректер қорында ТДСН берілген уақыттан бастап 30 тәулік сақталады. Егер осы уақыт ішінде бұл тауарлар әкелінбесе, сақтаулы АА автоматты түрде жойылады.

АА пайдаланудың артықшылықтары:

  • АА транзиттік декларацияның көшірмесі ретінде пайдалануға болады;
  • өткізу пунктіндегі уақытты үнемдеуге (24 сағаттан 2 сағатқа дейін) болады;
  • Web-портал көмегімен тауар декларациясының тіркелгені, босатылғаны және көлік құралының жеткізу орнына келгені туралы ақпарат алуға болады.

          Міндетті алдын ала ақпараттандырудың енгізілуі тауарды өткізу мүмкіндігін молайтады, яғни тауарлар мен көлік құралдары келгенге дейін оларға бақылаудың жүзеге асырылуы нәтижесінде кеден амалдарының уақыты азаяды. Мұның бәрі, тұтастай алғанда, КО мүше мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.