Жарияланған күні: 27.04.2015 15:25
Өзгертілген күні: 27.04.2015 15:31

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

және оның құрылымдық бөлімшелері үстіміздегі жылдың

18 сәуірінде Республикалық Сенбілікке қатысты. 

 

          Үстіміздегі жылдың сәуір айының 18-ші жұлдызында облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің  қызметкерлері қоғамдық шараға  ұйымшылдықпен біркісідей қатысты. 

          Қызылорда  қаласында  сенбілік департамент ғимаратының ауласын тазалаудан бастау алып, департамент алдындағы  «Жібек Жолы» даңғылының  арғы бетінде орналасқан  Қазақ халқының ұлы ойшылдарының өсиет сөздері жазылған мемориал тақтайшалары орналасқан  демалыс скверінің алдында жалғасты. Қыстан қалған қоқыстар сыпырылды, су келетін арықтар тазаланды.

           Гүл егетін жерлері тырмаланып, аударылды. Сонымен қатар, сквердің артқы бетінің учаскесінің арам шөптері шабылып, қоқыстары жиналды.

       Сондай-ақ, департаменттің қызметкерлері Тасбөгет қыстағының Есенова 16 да орналасқан, қыстақ халқының мереке күндері жиналатын Орталық алаңы сыпырылып, қоқыстары жиналды.

          Осы күні, қаламыздың Байсеитова  көшесінің 5 үйдің тұрғыны соғыс ардагерлері  Баев Михаил Михайлович пен  Жалантөс бахадүр көшесінің 47 үйдің тұрғыны Ысқақов Үсейінің үйлеріне барып, есіктерінің алдары сыпырылып, үйлерінің есіктерімен терезелері сүртілді, күл-қоқыстары шығарылды. Түрлі шашылған құрылыс заттары жиналды.

       Көктемгі егістікке жер учаскелерінің арам шөптері жұлынды, ағаштары кесілді, көң тасып, төселіп, учаскелері аударылды, қарықталды.

           Осы күні, аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары да  бір ауыздан ұйымшылдықпен өздері тұратын аудандарда сенбілікке шықты.

          Сенбілік өткізу барысы облыстық ҚоғамТВ арнасы арқылы түсіріліп, телеэфирде бірнеше рет көрсетілім жасалды.

 

 

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.