Жарияланған күні: 10.04.2015 17:08
Өзгертілген күні: 27.04.2015 19:13

Облыс төңірегінде «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды.

 

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізілетін жалпы республикалық іс-шара.

      Акцияның негізгі мақсаты:

  • азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру;
  • халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-касса машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
  • азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу;
  • Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-касса машиналарын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;
  • бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту;
  • көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;
  • кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынтыландыру.

         Акция өту барысында желтоқсан айына дейін ай сайын құнды сыйлықтар ойнатылуы жоспарланған. Ол үшін сауда нүктелерінде сатып алынған тауарлардың түбіртектерін жинақтап қалада, аудан орталықтарында  орналасқан «Бинго» лотерея дүңгіршектеріне өткізіп, орнына ойынға қатысуға  купондар алу керек. Бұл ретте жеке тұлғалардың жинақтап өткізген он түбіртектегіне бір ойын купоны беріледі.    

        Аталынған акцияға мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерімен қатар заңды және жеке тұлғалар – кәсіпкерлер өздерінің атына тіркелген бақылау-касса машинаның чектері бойынша қатысуға құқы жоқ.

    Сауда жасаушы нүктелердің тұтынушыға бақылау-касса машинасынан түбіртек бермеу фактілері бойынша Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 21-52-09, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 30-18-53 «Сенім телефоны» арқылы хабарласуға болады. 

     Акция үш кезең бойынша өтеді:

- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда, сондай-ақ аудандар бойынша аумақтық бөлінулері жоқ қалаларда,

- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;

- үшінші кезең республикалық деңгейде.

Акция жеңімпаздары купондарды кездейсоқ ойнату жолымен жариялы түрде анықталады.

          Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыс төңірегіндегі тұрғындар мен қонақтарын  акцияға белсене қатысуға шақырады.