Жарияланған күні: 03.03.2015 12:25
Өзгертілген күні: 05.03.2015 18:26

Қызылорда облысының кіріс органдарында

 «Бірыңғай кеңес беру күні» өтті

 

 

        Үстіміздегі жылдың 26 ақпанында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында 2015 жылдың 26-ақпанынан бастап әр аптаның бейсенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін  Қызылорда облысының Мемлекеттік кірістер органдарында жаңадан кәсіпкерлік қызмет бастағысы келген азаматтарға «Бірыңғай кеңес күнінің» алғашқы іс-шарасы өткізілді.

  Бірыңғай кеңес күнінде арнайы кеңес беру мүшелері  Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшылары Бабанаев Совет Кеңесұлы, Дүйсенбаев Әуезбек Сейткамалұлы,  Қызылорда қаласы бойынша кірістер басқармасының басшы орынбасары Нұрсейітов Нұрлан Сайлауұлы, бөлім басшылары Бабасов Жақсылық Жайшылықұлы, Есенова Гүлзира Сағынтайқызы, Шамшаева Ақмарал Майданқызы салық төлеушілерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.           

           «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 657-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіге (салық агентіне), соның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау арқылы көмек көрсетеді.

           Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.

          Сонымен қатар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары бюджеттің кіріс бөлігін толтыруға оң әсерін тигізетінін атап кету қажет, яғни салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер уақытында және толық көлемде бюджетке түсу үшін, халық салық және төлемдерді төлеу аясындағы заңнамалар туралы жақсы хабардар болуы керек.

Бірыңғай кеңес беру күнінде  Салық Кодексінен  жаңадан қызметін бастағысы келген тұлғаларға жеке кәсіпкерлерді тіркеу, оның ішінде электронды тіркеу, арнаулы салық режимдерін қолдану, бақылау-касса машиналарын, POS - терминалдарды қолдану, салық есептілігін табыс ету, оның ішінде электронды түрде салық есептіліктерін табыс етудің оңтайлылығы мен артықшылықтары жайлы, салықтық тексерулерді жүргізу, салықтық борыштарды  мәжбүрлеп өндірудің әдістері мен шараларын қолдану, әкімшілік жауапкершілікке тарту, жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау, мемлекеттік кірістер органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу, электронды шот-фактураға өту, мүлікке рақымшылық жасау арқылы заңдастыру, бюджеттік сыныптама кодтарының қысқартылған тізімін қолдану, қызмет түрлерінің жіктемесі   туралы тақырыптар кеңінен хабардар етілді.

           Салық төлеушілерге салық салу сұрақтары бойынша арнайы қазақ, орыс  тілдерінде дайындалған жадынамалар таратылды.

           Жыл соңына дейін әр аптаның бейсенбі күні кіріс органдарында өтетін бұл іс-шара әрі қарай да өз жалғасын таппақ.

 

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

 Түсіндіру жұмысы басқармасы