Жарияланған күні: 27.04.2015 15:39
Өзгертілген күні: 27.04.2015 15:51

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар.

 

         1941-45 жылдар аралығындағы қанды қырғынның жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр.Ел үшін ерлік жасаған отансүйгіш қаһармандар ешқашан да ұмытылмайды.

           «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол»  ҚР Президентінің  биылғы Жолдауында  2015 жыл – ұлттық тарихы­мызды ұлықтау және бүгінгі биік­терімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз-деп Елбасының атап айтқаны бәрімізге белгілі. Осы шаралар барлық республика көлемінде жан-жақты өткізілуде.Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер, студенттер ҰОС ардагерлеріне белсенді көмектесуде.

            Жеңістің 70 жылдық қарсаңында   ардагерлерге құрмет көрсетуде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті де осы маңызды шараларға қатысуда.

          Облыс орталығындағы 5 ҰОС ардагерлеріне  – олар, Сәрсенов Олжабай, Баев Михаил Михаилович, Демченко Василий Максимович, Ысқақов Үсейін деген ақсақалдарға және қаржы саласының ардагері, тыл ардагері Ким Августина Павловнаны департаменттің басшылығы мен қызметкерлері майдангерлер үйлеріне барып құттықтады.

         Өз сөзін, Сіздер қандай да болмасын құрметтерге лайықтысыздар-деп бастаған департамент басшысының орынбасары Мұса Оспанұлы Қалдарбеков, Қазақстандағы экономикалық-әлеуметтік дамуының себептеріне тоқталып және келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Шара барысында ҰОС ардагерлеріне мерекелік сыйлықтар беріліп, үй жанындағы учаскелерінің бақшалық жерлері аударылып, күл-қоқыстар жиналды.Үйдің ішін жинастыру жұмыстары жүргізілді.

           Ардагер ағалармен сұхбаттар жүргізілді.Өздерінің соғыс жылдарындағы оқиғаларын еске алып, әңгімелерін айтып,департамент қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.Шара барысы теледидарға түсіріліп, департамент қызметкерлері ардагерлермен  ескерткіш фотоға түсті.

           Осындай игі шараларға Қызылорда қаласы және аудандардың басқармалары да қатысып, барлығы 9 ҰОС ардагерлеріне, атап айқанда, Арал ауданы - Айназаров Өтемұрат, Қазалы ауданы - Мырзатаев Пірназар, Қармақшы ауданы - Бектібаев Шәкіман, Жалағаш ауданы - Ахметбеков Әбду, Сырдария ауданы - Тасыров Яхия, Шиелі ауданы - Байжанов Сәрсенбек, Жаңақорған ауданы -  Құрбанов Найманбай, Қызылорда қаласы - Алтыбасов Смағұл мен Нұралиев Жұбандықтардың отбастарына барып көмек көрсетілді.

 

 

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.