Жарияланған күні: 31.01.2019 18:57
Өзгертілген күні: 31.01.2019 18:58

        Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің лауазымды тұлғасына пара ұсынған.

       Осындай әрекет барысында 2018 жылдың 13 шілдесінде Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен азамат А.Цой ұсталған болатын. Ұсынылған пара сомасы 250 000 (екі жүз елу мың) теңге. Мақсаты: Қызылорда қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруда «қамқорлық көрсету» .

       Азамат Цойға қатысты ҚР ҚК-нің 367 бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, айыптау актісімен прокуратураға жолданған.

       Өткен жылдың аяғында №2 Қызылорда қалалық сотының шешімімен бұл азамат ҚР ҚК 307 бабы 2 бөлігі 2 тармағымен және 367 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айрылды және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды.

        Қылмыстық кодекстің 367 бабы лауазымды тұлғаға пара беру әрекеті үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру мен мүлкін тәркілеу жазасын қарастырады.

       Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды қызметкерлері тарапынан заңға қарсы әрекеттер байқалған жағдайда Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына 23-81-91 телефоны арқылы хабарлауға болады.

 

Қ.Ахметов,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы