Жарияланған күні: 13.09.2021 12:43
Өзгертілген күні: 13.09.2021 12:36

ПҚӨС төлеушілер жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнай, минералдық шикізат, жерасты сулары мен емдік балшықтар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

ПҚӨС-ті жер қойнауын пайдаланушы ҚР аумағында өндірілетін минералдық шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрі бойынша жеке төлейді.

Мұнай-газ өндіру секторына арналған ПҚӨС:

Шикі мұнай бойынша ПҚӨС есептеледі:

- өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемі және Platt ' s және Argus халықаралық баға агенттіктері жариялайтын Brent және Urals сорттарының мұнай бағасына сүйене отырып есептелген шикі мұнайдың құны;

- мұнай өңдеу зауытына, оның ішінде үшінші тұлға арқылы өткізу кезінде ПҚӨС сатылған шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемінің және мұнай өңдеу зауытының өнім бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының туындысы ретінде есептеледі;

- алыс-беріс шикізаты ретінде қайта өңдеу үшін беру және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының өз өндірістік мұқтаждарына пайдалануы кезінде мұнай өңдеу зауытына, оның ішінде үшінші тұлға арқылы жеткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының өз өндірістік мұқтаждарына пайдаланған нақты көлемінің және өнім бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құнының туындысы ретінде есептеледі.