Жарияланған күні: 19.07.2021 17:38
Өзгертілген күні: 19.07.2021 17:55

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, www.kgd.gov.kz интернет - ресурс арқылы «Салық төлеуші ретінде тіркеу» оның ішінде бейрезидент - заңды тұлғаға салықтық өтінішін беруіне мүмкіндік жасалғандығын хабарлайды.

Салықтық өтініш беру үшін салық төлеушіге интернет - ресурста, сілтеме бойынша https://kgd.gov.kz/ru/nonresident/register тіркелу және «Бейрезидентті тіркеуге өтінімдер журналы» мәзірін таңдау қажет.
         Журналда жіберілген өтінімдер және олардың мәртебелері туралы ақпарат бар, оң өңделген өтінімдер бойынша уәкілетті орган берген бейрезидент жөніндегі анықтаманы жүктеуге болады.

Бейрезиденттерді тіркеу туралы өтініш пайдаланушының жеке кабинетінде толтырылады. Бейрезидент туралы ақпаратты растайтын өтінішке сканерленген құжаттар қоса беріледі, қоса берілген құжаттар форматтары pdf, jpeg, jpg, png.

          Сонымен бірге, ашылмалы тізімнен өтініш берудің  «Салық төлеуші ретінде тіркелу», «Куәлікті бермей тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру», «Куәлікті бере отырып, тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру» себебтерін  тандауға болады. Себебін таңдағанда, өтініштің бөлімдерінде бейрезидент туралы барлық негізгі ақпараттардың  толтырылуы шарт.

         Егер өтінімді толтыруда қателіктер орын алған жағдайда, онда нысанның (форма) төменгі жағында өрістердің дұрыс толтырылмағандығы туралы қателер көрсетіледі. Қателерді түзету үшін өтініш нысаны қарастырылған.

         WEB-порталды пайдаланушының электрондық поштасына өтініштің уәкілетті органда өңделу нәтижесі жайлы хат-хабарлама жіберіледі.

Сәтті өңделген өтінімдер бойынша pdf форматқа ие болып табылатын  тіркеу куәлігін екі тілде - мемлекеттік және орыс тілінде жүктеуге қол жетімді болып табылады.

 

     Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті