Жарияланған күні: 07.06.2019 10:02
Өзгертілген күні: 07.06.2019 10:07

       Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс  сапасын арттыру» атты Жолдауында шағын және орта бизнес субъектілеріне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі салығы төленген жағдайда айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығаруға тапсырма берген болатын.

         Біздің елімізде бірнеше мәрте салықтық рақымшылық өткізілді, әр өткізілгенінде бизнеске жинақталған қарыздарынан құтылуға және заңды коммерциялық қызметті жалғастыруға мүмкіндік берген.

         Осылайша, Қазақстанның тарихында үш рет (1997-1999 жылдары, 2011 және 2015 жылдары) субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту үшін өсімпұлдары мен айыппұлдарын есептен шығару үшін салық амнистия өткізілді.

         Қазіргі уақытта салық заңнамасына өзгерістер енгізу жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді.

         Ұсынылған түзетулер 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызды 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеген жағдайда шағын және орта бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды жоюды көздейді.

         Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша айыппұл сомасы және негізгі борышты төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады.

         Мемлекет басшысының салық амнистиясын жүргізу туралы тапсырмасы бизнесті салық қарыздарынсыз жаңадан бастауға мүмкіндік беретінін ескере отырып, Салық кодексіне немесе оңалту және банкроттық туралы заңнамаға сəйкес салықтар төлеу мерзімдері ұзартылған және оңалту рәсіміндегі салық төлеушілерге өсімпұлдар мен айыппұлдарды жою үшін де қолданылады.

         Сонымен бірге, әзірленген түзетулерге сәйкес төмендегілер салық төлеушілерге рақымшылық қолданылмайды:

- мониторингке алынатын ірі салық төлеушілер;

- жер асты суларын, емдік балшықты алу құқығына иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар;

- акцизделетін тауарларды өндірушілер;

- кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын немесе жеке практикамен айналысатын тұлғалар.

         Алдын-ала  деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 5317,6 млн.теңге салық берешегі бар (бересі- 3539,7 млн теңге)  1839 шағын және орта бизнес субъектілері  рақымшылыққа жатады.

         2019 жылдың 29 мамырына 1123  салық төлеуші 138,5 млн теңге негізгі бересіні өтегендіктен, өсімпұлдарына  - 30,5 млн. теңге рақымшылық жасалып есептен шығарылған.

         Уақыт көрсетіп отырғандай, салықтық рақымшылықтарды өткізу  кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді механизмі болып табылады. Кәсіпкерлер үшін салық мәселелерін шешуге көмектесу біршама оң нәтижелерге айналады. Бизнестің негізгі салық қарыздарын төлеуге және салық ауыртпалығының толықтай өтелуіне ынталандыратын болады.