Жарияланған күні: 21.09.2021 13:41
Өзгертілген күні: 21.09.2021 13:42

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бюджетке түсірілетін қосымша салық көздерін ұлғайту мақсатында уәкілетті органдармен бірлесе отырып жеке автокөліктермен такси қызметімен айналысатын жеке тұлғаларды салықтандыру бағытында әкімшілендіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде облыс бойынша кірістер органдарында 01.08.2021ж. жағдайға 167 жеке тұлға такси қызметі бойынша дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуде тұр. 

Департамент осы бағыттағы әкімшілендіру жұмыстарын жалғастыруда.