Жарияланған күні: 21.09.2021 13:06
Өзгертілген күні: 21.09.2021 13:15

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу бойынша пилоттық жобасы қашан аяқталады?

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті енгізуге дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы бизнес-қоғамдастықтың келіп түскен ұсыныстарына байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде импорт/экспорт және «Виртуалды қойма» тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімдерін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

 

Жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады ма?

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 176-бабына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжаттар  бойынша ресімдеу тәртібі мен құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді. Тәртіп Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

Бұл ретте, көрсетілген нормативтік-құқықтық акт жеке тұлғалардың тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, сондай-ақ растау бойынша міндеттемелері көзделмеген, тиісінше мұндай тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.