Жарияланған күні: 11.05.2021 13:36
Өзгертілген күні: 11.05.2021 13:33

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) енгізу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы дайындалып, Ашық НҚА порталында орналастырылды.

Бұйрық жобасында акцизделетін тауарларға арналған ТІЖ бойынша, сондай-ақ ЕАЭО импорты/экспорты бойынша пиллоттық жобаның мерзімдерін 2021 жылғы 1 қазанға дейін ұзарту көзделген.

Виртуалды қойма тауарлары бойынша пилоттың мерзімі 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылады.

ДСҰ-ның алу тізбесіндегі тауарлар және таңбалауға жататын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанға ауыстырылады, ал тауарлардың осы тобы бойынша пилоттың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 1 тамызға дейін ұзартылады.

Осылайша, пилоттың мерзімі 9 айдан 12 айға дейін өзгереді.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8317078)  орналасқан.

Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.