Жарияланған күні: 08.06.2018 15:18
Өзгертілген күні: 08.06.2018 15:18

           Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үстіміздегі жылдың 21-ші мамырынан бастап облыс көлемінде «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясын өткізіп жатқандығын хабарлайды. Жалпыреспубликалық акцияның өту барысында тұрғындар  арасында ай сайын бағалы  сыйлықтар ойнатылады.

          Азаматтар акцияға қатысуы үшін сатып алған тауар, қызмет немесе жұмыс бойынша фискалды чектарды смартфондар арқылы суретке түсіріп   «Wipon» бағдарламасымен жолдауы қажет. Бұл ретте Wipon қосымшасын жүктеу және оны пайдалану қызметтері тегін екендігін  есіңізге саламыз.

      Фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар Мемлекеттік кірістер органдарына заң бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады немесе «сенім телефондарына» хабарласуына болады. Департаментте 21-52-09 нөмірлі, Қызылорда қаласы бойынша басқармада 23-87-32 нөмірлі «сенім телефондары» тұрақты қосулы.

       Облыс тұрғындарын акцияға белсене қатысуға және финалдық сыйлық автокөлік ұтып алуға шақырамыз.             

                                                                  

                                                                  Қызылорда облысы бойынша

                                                                  Мемлекеттік кірістер департаменті