Жарияланған күні: 22.08.2022 19:20
Өзгертілген күні: 22.08.2022 19:43

     

Соңғы кездерде Қазақстан аумағына шет ел азаматтарымен жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиілеп  кеткен. Бұлар негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары. Мұндай көлік құралдары біздің елдің азаматтарының «иелігіне» беріледі.

         Ескеретін жәйт, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып табылады  және кедендік бақылауда болады (үшінші елдер  - ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер).

            ЕАЭО құрамына кіретін елдер – Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан.

        Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаменті (бұдан әрі- Департамент) уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді.

        Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шет ел азаматтары өз көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан белгілі бір уақыттан кейін кетіп қалатыны байқалуда.

       Яғни, ЕАЭО аумағына аталған автокөлік құралдары әкелінгенде, Қазақстан азаматына беру мақсатында келген деп пайымдалуда.

       Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (1 жыл)  автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Егер шығып кетпесе, ЕАЭО-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады. 

       Департаментпен Полиция департаментімен бірлесе отырып, рейдттік іс- шаралар жүргізуді ұйымдастырған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ондай көліктер ұсталады.

      Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарынан жеке пайдалануға арналған автокөлікті сатып алғанда еліміздің заңнамасын сақтауды сұрайды.

      Алайда Сіз сатып алғалы жатқан автокөлігіңіздің шығу тегі немесе заңдылығы күдік туғызатын болса, онда Қазақстанда кедендік тазартудан өткені және тиесілі кедендік алымдар мен салықтар төлегені туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады. Ол үшін (8-7242) 215277, 400-105) тұрғылықты жердегі Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласуға болады.