Жарияланған күні: 24.06.2019 16:16
Өзгертілген күні: 24.06.2019 16:18

       Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін  701.00 нысанда  2019 жылдың  5 шiлдесiнен кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына ұсынады.

             Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салықтық кезеңнің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар  салық сомасын есептемейді және ағымдағы төлемдер есебін тапсырмайды.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Өндірістік емес төлемдер басқармасы