Жарияланған күні: 07.06.2019 09:40
Өзгертілген күні: 07.06.2019 09:41

             Салық заңнамасының нормаларына сәйкес меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлғалар көлік құралдарының салық төлеушілері болып табылады.

             Салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі болып табылады.

            1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi болып табылады.

            Көлiк құралдарына салықты есептеу уәкілетті органның ұсынған мәліметтеріне сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізіледі.

             Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

             Салық кодексінің 48-бабына сәйкес салық органы талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы. Талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

            Тіркелген көлік құралы туралы мәліметті анықтау үшін уәкілетті органға (тіркелген көлік құралдары туралы салық органдарына мәлімет ұсынатын), яғни  Қызылорда облысытық полициясы Әкімшілік полиция басқармасына    жүгіну қажет.

            Бар берешектер бойынша ақпаратты алу және салыстыру актісін жүргізу үшін  Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органына жүгінуіңізге болады.

 

Қызылорда облысы бойынша  МКД

Өндірістік емес төлемдер басқармасы