Жарияланған күні: 26.05.2021 12:58
Өзгертілген күні: 26.05.2021 12:58

Қазіргі таңда Абхазия және Оңтүстік Осетия автокөлік құралдарын сатып алу мүмкіндігі халық арасында белсенді қызығушылық білдіруде және Қазақстан Республикасына аумағына Абхазия Республикасы мен Оңтүстік Осетия Республикасының тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын заңсыз өткізу және пайдалану жағдайлары байқалуда.

Аталған автокөліктер Еуразиялық экономикалық одақтың (әрі -ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады. Егер көлік құралының иесі Абхазия, Оңтүстік Осетия заңды тұлғасы болса, көлік құралының кедендік декларациясы немесе егер көлік құралының иесі осы республикалардың резидент жеке тұлғалары болып табылса, жолаушылар кедендік декларациясы уақытша әкелуді растайтын құжат болып табылады.

Бұл жерде, ЕАЭО кедендік аумағында болған кезеңде уақытша әкелінген Абхазия мен Оңтүстік Осетияның көлік құралдары ЕАЭО Кеден кодексінің 264–бабының 6–тармағына және 275–бабының 2–тармағына сәйкес декларанттың (әкелуді жүзеге асырған тұлға) іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.

Абхазия және Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының резиденттеріне беруді жүзеге асырған тұлғалардың, сондай–ақ мемлекетке келтірілген залал сомасына қарай кедендік төлемдерді төлемей және бастапқы мемлекеттік есепке қоймай Қазақстан аумағында заңсыз пайдалану мақсатында осындай көлік құралдарын сатып алған тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстық кодексте көзделген қылмыс орны не құрамы, не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болады. Екі құрам да жазадан басқа көлік құралын тәркілеуді көздейді.

Осы негізде, Абхазия мен Оңтүстік Осетияда тіркеу есебінде тұрған уақытша әкелінген көлік құралдарын заңсыз сатып алмауды, кедендік ресімдеу мен бастапқы есепке қоюдың тиісті рәсімдерінсіз осы көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланбауды назарларыңызға жеткіземіз.

 

 

                                                        "Байқоңыр" кеден бекеті