Жарияланған күні: 17.06.2019 10:47
Өзгертілген күні: 17.06.2019 13:49

 Салық төлеушілердің салық заңдылығындағы біліктігін арттыру шаралары жемқорлыққа жол бермеудін бір тәсілі болып табылады. Төмендегі ұсынылған түсіндіру салық төлеушілердің назарына бағытталған жемқорлықты болдырмау мақсатында әрекет деп түсінуге болады.

Артық төленген салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды есепке жатқызу және қайтарып алу Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсандағы №120-VI Кодексінің (Салық кодексі) 101 бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.   

Салық органдары салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемақыларды қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды ұлттық валютада    мынадай  тәртіппен он жұмыс күні ішінде жүргізеді:

1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда - салық органдары осындай өтінішті тіркеген күннен бастап;

2) өтінішсіз есепке жатқызуды жүргізген жағдайда - салық төлеушінің жеке шотында артық төленген сома түзілген күннен бастап.

Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды бюджетке салықтық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша - осындай жеке шоттардың мәліметтері  негізінде  және жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша - тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде оның банктік шотына қайтарады.

Ал, салықтық берешегі болған кезде есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті өтеу есебіне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын жатқызады.

Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылса, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу - есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш ұсынылмастан, заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салықтық берешегін өтеу есебінен жүргізіледі.
         Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
 

М.Жаденов,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер  департаментінің

бөлім басшысы