Жарияланған күні: 18.01.2017 11:51
Өзгертілген күні: 26.01.2017 17:56

11.01.2017 жылы департамент ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Мехриза Рахимова кешенді аттестаттау өткізуді ұйымдастыру жөнінде хабарлама жасады. Осы бағытта 2017 жылдың І жартыжылдығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне өткізілетін аттестаттаудың басты мақсаты - қызметшілерді жұмыстан босату емес, олардың әлеуетін анықтау. Олардың кәсіби деңгейін және атқарып отырған лауазымдарға сәйкестігін анықтау.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізудің ережелері бекітілген. Аттестаттаудан «Б» корпусының қызметшілері өтеді, оған төмендегілер қосылмайды:

1) аттестаттаудан өткізу кезінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жыл және одан аз уақыт қалған
«Б» корпусының қызметшілері.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім 2017 жылдың
5 қаңтарынан 30 маусымын қоса алғандағы аралықта басталса, бұл
«Б» корпусының қызметшілерін аттестаттаудан өтуден босатуға негіз болып табылады;

2) жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері;

3) жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдер,
үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі балаларды
(он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа
да адамдар;

4) тиісті аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өту сәтінде мемлекеттік қызмет өтілі алты айдан аз, мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет тағайындалған адамдар;

5) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған «Б» корпусының қызметшілері.

Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

            1) бағалау парағын дайындау;

2) жеке құзыреттерді бағалайтын тест өткізу. Жеке құзыреттерді бағалайтын тестке қатыспаған «Б» корпусының қызметшісі келесі кезеңге жіберілмейді;

3) ЖАК немесе тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өту. Әңгімелесу барысы дыбыс- немесе бейнежазба құралдарын қолдану арқылы тіркеледі.

Екінші және үшінші деңгейлерде «Б» корпусының қызметшілерімен әңгімелесуді бейнеконференцбайланысы арқылы өткізуге жол беріледі;

4) әңгімелесудің қорытындысы бойынша және алдыңғы кезеңдердің нәтижелері ескере отырып, аттестаттау комиссиясының шешімдер қабылдауы.

Бұл жаңа жүйе алдағы уақытта мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу және қызметшілерді мансаптық жоғарылату кезінде де қолданылатын болатындығын атап өтті.

С.Қазбекова

Қызылорда облысы бойынша

МКД бас маманы