Жарияланған күні: 16.01.2019 16:47
Өзгертілген күні: 16.01.2019 16:49

         «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан  Республикасының  2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ Заңының 1 бабы 16 тармағына сәйкес, электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы болып табылады.

         Аталған заңның 21-бабына сәйкес, куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерiн заңсыз қол жеткiзуден қорғау үшiн шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың өтiнiшi бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кiлттерiн жасайды.

         Яғни, куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға санатына жатады.

         Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V заңы талаптарына сәйкес, қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және де салық органдары электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың өтiнiшi бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның (әрі қарай – ЭЦҚ) кiлттерiн жасайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеген ЭЦҚ ашық кiлтiнiң тиесiлiлiгiн және жарамдылығын растайды.

         Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы ЭЦҚ алу  қызметінің артықшылықтарына:

- «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасайтын кәуландырушы орталық пен электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы арасындағы байланыс процедуралары сыбайлас жемқорлық фактілерінің болу ықтималдылығын нөлдік көрсеткішке  дейін азайтуын:

- салық органдары тарапынан берілетін ЭЦҚ-ға қарағанда «Азаматтарға арналған үкімет» МК беретін ЭЦҚ-ның қолдану аясының кең болуы, яғни, электрондық үкімет порталы бойынша көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрінің қолжетімді болуын (салық органдары беретін ЭЦҚ тек салықтық операциялар жасауға ғана жарамды) – атап өтуге болады.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы