Жарияланған күні: 31.01.2019 19:12
Өзгертілген күні: 31.01.2019 19:12

            Электронды сауданы  дамыту – төртінші өндірістік революция кезеңіне, яғни технологиялық, экономикалық және әлеуметтік зор өзгерістерге қадам жасап отырған Қазақстан сияқты мемлекеттің басым бағыттарының  бірі.

         Дүниежүзі сауда экономикасының дамуына орай елімізде электронды сауданы дамытуға қызығушылық артып отыр. Осылайша, Салық кодексінде 2018 жылдан бастап электронды алаңда сауда жасайтын кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер ұсынылған. Интернет-дүкендер арқылы сауда жүргізетін заңды тұлғалар корпоративті табыс салығынан, ал дара кәсіпкерлер жеке табыс салығынан босатылған.

           Салық кодексінің 1 бабының 65-тармақшасында тауарларды электронды саудада сату тұжырымдамасы айқындаған. Тауарлармен электрондық сауда жасау бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде іске асырылады:

          - тауарларды өткізу  жөніндегі мәмілелерді рәсімдеу электрондық нысанда жүзеге  асырса;

          -  тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізсе;

           -  тауарларды  сатып алушыға жеткізетін өз қызметі  болса не  жүктерді  тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курерлік және пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса.

           Ендігі бір маңызды талап – жеке тұлғалармен жасалған электрондық саудадан тапқан табысы жылдық жиынтық табыстың 90 пайызынан кем болмауы керек.

           Жоғарыда көрсетілген салық жеңілдіктерін пайдалана отырып облысымызда кәсіпкерлік қызметін электронды түрде жүргізуге ынталы кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Ағымдағы кезеңге облысымызда осы сауда түрімен айналысатын отыздан астам кәсіпкер тіркелген.

           Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шағын және орта бизнес субьектілерін электронды сауда жасауға берілген жеңілдіктерді ұтымды пайдалануға шақырады.

          

 

                                                               Г. Коңырбаева,

                                                               Қызылорда облысы бойынша МКД-нің

                                                               бас маманы