Жарияланған күні: 09.08.2019 13:34
Өзгертілген күні: 09.08.2019 13:35

          Салық есептілігі-төлемақы төлеушілер ластаудың жылжымалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ластану обьектісінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация табыс етеді.

             Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлеміне төлемақы төлеушілер декларацияны есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей табыс етеді. Егер, рұқсат құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат құжаты алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей тапсырады.

           Төлемақы ставкалары-төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.

               Төлемақы төлеу мерзімі-төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерін және белгіленген ставкаларды негізге ала отырып дербес есептейді.

         Төлемақы төлеушілер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі үшін төлемақының ағымдағы сомаларын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізіледі.

           Бюджеттік сыныптамасы - 105316 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы"

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті