Жарияланған күні: 04.10.2022 17:50
Өзгертілген күні: 04.10.2022 17:53

24 тамыз 2022 жыл                                                               Қызылорда қаласы

 

І. КІРІСПЕ БӨЛІМІ

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 24.08.2022 жылғы №212-Ө санды бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобымен» кедендік әкімшілендіру бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жұмыс тобының жетекшісі: Департамент басшысының орынбасары – Қ.Бекшин, жұмысшы тобының мүшелері: Аудит басқармасының басшысы Д.Тажикенов, Заң басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Қыпшақбаев, Кедендік бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Бисенбаев, Адам ресурстары басқармасының басшысы – К.Уринбаев.

 

ІІ. СИПАТТАУ БӨЛІМІ:

1. Мемлекеттік қызмет көрсету

1.1 Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы: Тауарларға арналған декларациялар (бұдан әрі - ТАД) кедендік жете тексерумен айналысатын лауазымды тұлғалары тарапынан орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаты:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау жүргізілді.

  «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 413-бабында кедендік жете тексеруді жүргізу мәселелері регламенттелген.

Осы Кодекстің 413-бабының 2 тармағына сәйкес, кедендік жете тексеру кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі.

Кедендік жете тексеруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы
№188 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) «Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидалары» бекітілген.

Бұйрықтың 20-тармағының 1) тармақшасында кедендік жете тексеру тауар партиясымен өткізілетін тауарлардың (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда) барлық атауларына, көлік құралынан барлық тауарларды міндетті түрде толықтай түсіре отырып (осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) тауар партиясын құрайтын тауарлардың барлық мөлшерінің көлеміне қатысты жүргізіледі.

Бұл ретте уәкілетті лауазымды тұлға мынадай оперцацияларды (осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) жүргізуді қамтамасыз етеді:

- тауарларды толық өлшеу;

- барлық жүк орындарын аша отырып, жүк орындарын қайта санау;

- барлық жүк орындарындағы заттардың санын қайта санауды жүргізетіндігі көрсетілген.

2022 жылдың 30 шілде күніне Департамент тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі - ТБЖ) ұсынысымен 379 ТАД  бойынша кедендік жете тексерулер жүргізілсе, нәтижесінде 277 заң бұзушылық фактілері анықталып, қосымша         8 287 мың.тг. КТжС есептеліп, өндірілді. 101  әкімшілік іс қозғалып, 3 867 мың тг айыппұл салынып, өндірілді. Кедендік жете тексеру тиімділігі 73,1% (мақсаты 60%), өз кезегінде бұзушылықтардың жалпы санына мәнділік бұзушылықтар үлес салмағы, ТБЖ ұсынысымен анықталған кедендік жете тексерулер 46,4% құрайды.

ТАД бойынша кедендік жете тексерумен айналысатын лауазымды тұлғалары тарапынан жүргізілетін кедендік жете тексеру барысында жүк көлігінің ішіндегі тауарлар бейнекамераға жазылмай, түсірілген тауарлар саны мен орыны есептелмей, сондай-ақ тауарлар түсіріліп болғаннан кейін жүк көлігінің өзін бейнекамераға түсірмей, кедендік жете тексеруге жататын тауарлар бірдей орамдағы, бірдей таңбалармен біртекті тауарларға жатпаса да кедендік жете тексерулер қысқа уақыттың ішінде жүзеге асыру сияқты жағдайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Сондықтан, кедендік жете тексеру барысында кеден бекеттерінің лауазымды тұлғалары тарапынан декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға артықшылықтар көрсете отрып, олармен өзара қарым-қатынастар орнатып, заңсыз әрекеттер жасаудан тұратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою бойынша ұсынымдар:

- Қызметкерлердің жұмыс атқару тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында, кедендік жете тексеру шаралары Бұйрықпен бекітілген Қағидалары шеңберінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

- СЭҚҚ тұлғалар, әсіресе үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынастарды шектеу, жүргізілетін кедендік жете тексеру барысы кеден бекетінің басшысымен қатаң бақылауға алуды.