Жарияланған күні: 31.01.2019 18:48
Өзгертілген күні: 31.01.2019 18:49

       Тауарларды таңбалау және олардың бақылануы жүйесін қолданысқа енгізу (NAQTY ÓNIM жүйесі)  арқылы заңды бизнес контрафактіден қорғану мүмкіндігін алады, ал оның нарықтағы абыройлы аты оның брендін жамылып сатылатын сапасыз өніммен байланысты абырой жоғалтымдарынан қорғашталатын болады.  

       Цифрлық таңбалау бизнеске өнімділікті жоғарылатуға, логистикалық схемаларды жетілдіруге, нарық үлесін арттыруға және нәтижесінде түсім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жасайды.

       Өнімнің қозғалысы туралы деректерді онлайн режимінде ала отырып, өндірісті оңтайлы жоспарлайды, қорларды азайтады және өнім айналымдылығын жоғарылатады.

        Тауардың бақылануының толық жүйесін қолданысқа енгізгенде өнім өндірушінің немесе логистикалық компанияның сатылымдардың географиясы, қарқындылығы, маусымдылығы туралы өзекті статистикалық материалдарды алуы логистикалық схемаларды қайта құруға, тауар жеткізілімін және қойма қорларын оңтайландыруға мүмкіндік беріп,едәуір көлемдегі қаржыны үнемдей алады.

        Қазірде көптеген кәсіпкерлердің қолында қоймадағы және дүкендердегі тауардың қалдығы мен олардың кодтары туралы деректер жоқ. Бұл істі автоматтандыру кәсіпкерлер үшін өз бизнесін жүргізуді жөнге келтіруге, есебін жүргізуді  ретке келтіреді.

        Бизнес электрондық құжат айналымы (ЭҚА) сервистеріне көшеді. ЭҚА сервистері құжат жүзіндегі құжат айналымы көлемін едәуір қысқартады және еңбек өнімділігін жоғарылатады. Тауарларды бақылау және олардың бақылануының ұлттық жүйесі өндіруші немесе импорттаушы тауар қаптамасында белгілеп көрсетуі үшін әрбір тауарға бірегей  цифрлық (Data Matrix)  кодын белгілейді.

      Цифрлық код – бұл тауардың жоғалтуға немесе қолдан жасауға келмейтін криптографиямен қорғалған паспорты. Ол тауардың толық жүріп өткен жолын әрбір кезеңде – зауыттан тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Таңбалау жүйесі қолдан жасалған тауарды шығару мүмкіндігін жоққа шығаратын, тауарды сөреде жайғастырғанда және сату кезіндегі онлайн-кассада тексеруді қоса алғанда, тауардың барлық логистикалық тізбегі бойынша өтуін тіркейді.

       Ұлттық жүйе әрбір сатып алушыға дүкен сөресіндегі тауардың шыққан жерін тексеру мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар анықталған бұзушылықтар туралы хабарлауға жағдай жасайды.

        Цифрлық (Data Matrix) коды – бұл өнімнің электронды паспорты, ол арқылы тауар жайлы барлық дерлік – өндірілген орны, күні мен уақыты, жарамдылық мерзімі, тауардың бір меншік иесінен басқасына өтуі, сату күні және орны туралы мәліметті білуге болады.

      Әрбір кезеңдегі тауар қозғалысын тіркеу есебінен NAQTY ÓNIM жүйесінде тауардың қосарланған даналарының және жарамдылық мерзімі өткендерін қоса алғанда, тауарларды нарыққа қайта шығару мүмкіндігін жоққа шығарады. Криптографиялық технологиялардың арқасында цифрлық кодты қолдан жасау немесе түзету қиынға түседі, ал тауар туралы деректерді жүйеден алып тастау мүмкін болмайды.

        Жаңа жүйеде нарықта сатылатын барлық тауарлар туралы ақпарат шоғырланатын болады, бұл деректерге тауар айналымына қатысушылардың барлығы қол жеткізе алады. Тауарларды таңбалау бойынша Қазақстан Республикасында  2017 жылдың 27 қарашада  тері бұйымдарын, 2018 жылдың қазан айынан бастап темекі өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобасы іске қосылды.   2019 жылдың қаңтар айынан бастап дәрілік заттарға  және сәуір айынан бастап аяқ киім өнімдері  бойынша пилоттық жобаны іске қосу бойынша дайындық  жұмыстары жүргізілуде.  

 

                                    К.Стамбекова,

Қызылорда облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті

Экспорттық бақылау басқармасының басшысы